Бұл сұрақтың жауабын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Нұркен Шәрбиев айтып берді.
Оның сөзінше, елдегі киіктердің қырылу көрсеткіші әзірше табиғи норма шегінде тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Негізінен, киіктердің өмір сүру ұзақтығы орта есеппен бес жылдан аспайды. Сол сияқты, популяцияның жаңаруы – 3-4 жыл сайын кездесетін құбылыс. – Бізде киіктердің қырылуы жыл сайын тиісті табиғи норманың деңгейінде байқалып отыр. Ел аумағында 26 мың өлексесі анықталды, соның ішінде Батыс Қазақстан облысына 11 мыңы тиесілі. Өздеріңіз білесіздер, киіктің негізгі бөлігі – БҚО-да", – деді Нұркен Шарбиев.
Үкімет отырысынан соң Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі киік санағының нәтижесі маусым айында жарияланатынын айтты. Алдын ала болжамға қарағанда, олардың саны 5 миллионнан асуы әбден мүмкін.