depositphotos.com

Жыл басынан бері теңгенің бағамы 1 пайызға нығайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы айтты.

Сыртқы факторлар бойынша әлемдік сауда нарығында құбылмалылық және Ресей рублінің нығаюы байқалады. Сонымен қатар мұнай бағасы шамамен бір баррель үшін 70 доллар болды. Ал ішкі факторлар бойынша жылдың алғашқы айларында импорттың қысқаруы мен экспорттық салық төлемдерінің ұлғаюы ұлттық валютаны қолдауға әсер етті.

Тимур Сүлейменов елдегі іскерлік белсенділік деңгейі туралы баяндады. Бұл индекс 50,6 тармақты құрап отыр. «Бизнес жүргізудің қазіргі және болашақтағы шарттары оң бағаланып отыр», – деді Ұлттық банк төрағасы.