Есепті үш ай ішінде жариялау жоспарланып жатыр .
Air India AI171 ұшағының екі қара жәшігі де табылды, деп хабарлайды The Economic Times басылымы.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің бас хатшысы Прамод Кумар Мишра ұшу деректерін жазу құрылғысы мен кабинаның дыбыс жазбалары да қалпына келтірілді деп айтты.
Басылымының мәліметінше, оларды шешуге төрт-бес күн кетуі мүмкін.
"Алғашқы қара жәшік жұма күні Ахмедабадта Air India АИ-171 рейсі құлаған жердегі ғимараттың төбесінен табылған. Үндістанның әуе апаттарын тергеу бюросына қайғылы оқиғаның себептерін анықтауға көмектесу үшін бірнеше халықаралық сарапшылар топтары Ахмедабадқа келді. Есепті үш ай ішінде жариялау жоспарланып жатыр", – дейді басылым.
Оқи отырыңыз: Үндістандағы ұшақ апатына байланысты Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады