Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі жыл басынан бері өзгерген жоқ.

"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыссыздық 4,6 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Жұмыспен қамтылғандар қатары жалдамалы жұмыскерлер есебінен өсіп отыр, олардың саны 7,1 миллион адамға жетті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 2,1 млн адам", — деді ол Үкімет отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде халық саны өсіп жатыр. Соның нәтижесінде жыл сайын еңбек нарығына келіп жатқан жастардың қатары артып жатыр. Болжам бойынша 2035 жылға дейін бұл көрсеткіш жылына 360 мың адамға дейін өсуі мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget