Үкіметтің 2025 жылғы 8 шілдедегі қаулысымен ҚР Көлік министрлігі туралы ережеге толықтырулар енгізілді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, Көлік министрлігіне мынадай функциялар берілді:
көлік саласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау;
азаматтардың петицияларын ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіп пен мерзімде қарау;
- зерттеулер мен консалтинг қызметтерінің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы бекіту.
Бюджет субсидияларын төлеу қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы әзірлеу және бекіту;
Лизинг шарты аясында жүзеге асырылатын шығыстардың құнын айқындау қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы әзірлеу және бекіту;
Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы әзірлеу және бекіту;
ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес, мемлекеттік органның даму жоспарын бес жылдық кезеңге әр үш жыл сайын әзірлеу және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы бекіту;
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары жобаларын мақұлдау;
Республикалық бюджет қаражатынан шығындар жоспарланған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспары немесе даму жоспары жобаларын мақұлдау;
Бюджетті жоспарлау және орындау кезеңдерінде нәтижелерді басқару;
Бюджет заңнамасына сәйкес шығыстардың мақсаты мен тақырыбына қарай талдау жасау;
Бюджет заңнамасына сәйкес мониторинг жүргізу;
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібіне сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін есептеуді әдіснамалық қамтамасыз ету;
Натуралдық нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы әзірлеу және бекіту;
Көлік инфрақұрылымының ең төменгі стандарттарын әзірлеу және бекіту;
Капиталдық шығыстарды және жергілікті бюджеттердің даму шығыстарын қаржыландыру әдістемесін жергілікті атқарушы органдармен, бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы әзірлеу және бекіту.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, орталық уәкілетті органға бюджет саясаты саласына байланысты гранттар тартуға өтінімдер ұсыну;
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын мемлекеттік жоспарлау және бюджет жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу арқылы бекіту;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асыру;
Салаларды дамыту тұжырымдамалары мен ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қою қағидаларын, оның ішінде конкурстық құжаттаманың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) пен тікелей келіссөздерді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда конкурс құжаттамасын әзірлеу үшін білікті заңды тұлғаларды тарту;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және бекіту;
Тиісті саладағы республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бекіту;
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мониторингін жүргізу және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдау;
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекеттік мүлікке иелік етуді жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органға ақпарат ұсыну және бұл ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастыру;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастыру;
Республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша бұрын жасалған шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жаңа жекеше әріптестерді тартуды ұйымдастыру;
Табиғи монополиялар саласында басшылық ететін уәкілетті органмен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспары, техникалық-экономикалық негіздемесі, конкурс (аукцион) құжаттамасы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобалары бойынша, сондай-ақ оларға тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастыру және бекіту тәртібіне қатысты өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда келісу;
ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен, жекеше әріптестердің мемлекеттік функцияларды орындауын көздейтін жобалар бойынша, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөліктерінде, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарын, конкурс (аукцион) құжаттамасы бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурс (аукцион) құжаттамасына, жеке әріптесті тікелей келіссөздер арқылы айқындау кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына салалық қорытынды дайындау (бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес);
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жеке әріптесті айқындау қағидаларын әзірлеу және оларды бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы бекіту;
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығынын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау жөніндегі үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Түркістан қаласы аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің қозғалыс сызбасын және тәртібін айқындауды келісу;
Мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар есебінен республикалық маңызы бар қала мен елордада қалалық рельстік көлік түрлерін дамыту шеңберінде көлік кәсіпорындарының қарыздарын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Жол активтері сапасы ұлттық орталығы арқылы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін беру, оларды пайдалану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ онда жүру ақысының мөлшерлемелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
ҚР мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу, диагностикасын және паспортизациясын жүргізу, автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің, сондай-ақ кірме жолдарға қатысты реттелетін қызметтер бойынша жергілікті тіркелім бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасына табиғи монополиялар саласында басшылық жүргізетін мемлекеттік органмен бірлесіп өзгерістер енгізу мен бекітуді жүзеге асыру;
Табиғи монополиялар саласында басшылық ететін мемлекеттік органға табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасы іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны, инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы өтінім ұсынылған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей жолдау;
Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыру туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол ұсынылған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларын іске асырудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға белгіленген тәртіппен жолдау (су арналары арқылы суды беру және тіреуіш гидротехникалық құрылыстар арқылы жер үсті ағынын реттеу жөніндегі сумен жабдықтау немесе су бұру саласындағы қызметтерден басқа);
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің сапасы, сенімділігі және тиімділігі көрсеткіштерін белгілеуге қатысу, бұл ретте тәртіпті табиғи монополиялар саласында басшылық ететін мемлекеттік орган айқындайды:
Мобилизациялық дайындық және мобилизация саласындағы уәкілетті органға мобилизациялық дайындық пен мобилизация іс-шараларын қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстар енгізу;
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы ұйымдардың мобилизациялық дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, мобилизациялық тапсырмалары бар ұйымдардың дайындығын бағалауды ҚР мобилизациялық дайындық және мобилизация қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізу;
Ұйымдармен мобилизациялық тапсырмаларды орындау туралы шарттар жасасу, сондай-ақ банкрот болу, қайта ұйымдастыру, тарату, қызмет бағытын өзгерту жағдайларында бекітілген мобилизациялық тапсырмаларды алу және беру туралы ұсыныстарды мобилизациялық дайындық саласындағы уәкілетті органға енгізу;
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп мобилизациялық жоспарларды орындауға дайындық іс-шараларын жүргізу;
Мобилизациялық тапсырмаларды белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты мобилизациялық дайындық саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
Мобилизация жарияланған жағдайда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп ұйымдарды соғыс жағдайы режиміне көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мобилизациялық дайындық және мобилизация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Мобилизациялық дайындық саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы мобилизациялық жоспарларды әзірлеу және бекіту;
Мобилизациялық дайындық пен мобилизацияны жетілдіру бойынша ұсыныстарды мобилизациялық дайындық саласындағы уәкілетті органға енгізу;
Әскери-экономикалық және командалық-штабтық жаттығуларға қатысу;
Мобилизация, соғыс жағдайы және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнайы мемлекеттік органдардың мүддесінде тапсырмаларды орындау, сондай-ақ ел экономикасының және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құрылымдардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.