Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2025 жылғы 13 қазанда министрліктің дәлізінде журналситерге берген сұқбатында полицейлердің өз өкілеттіктерін асыра пайдалану жағдайларына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер жақында Алматы облысында полиция қызметкерінің үйінен шығару кезінде зейнеткердің қабырғасын сындыру оқиғасын еске алды. Олар аталған полицейге қатысты қандай жаза қолданылғанын сұрады.

"Бұл жағдайда полиция қызметкері шынымен де өз өкілеттігін асыра пайдаланған. Ол теріс қылығы бойынша жұмыстан шығарылды. Факт бойынша ешқандай соққы болған жоқ, бірақ ол оны итеріп жіберді. Мұны видеодан анық көруге болады. Бірақ кез-келген жағдайға қатысты баға Қылмыстық кодекс аясында беріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін біз түсініктеме беретін боламыз", – деді Ержан Сәденов.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларда полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.

"Бұл — жеке сот орындаушыларының секторы. Әсіре бұзушылықтар орын алған кезде немесе физикалық қарсылық болғанда ғана полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әрекет етуі керек. Бұл жағдайда артық кету болды. Сондықтан біз қызметкерлерге ғана емес, жалпы жұмысты ұйымдастыруға қатысты да тексеру жүргізетін боламыз. Нәтижелері міндетті түрде жария етіледі. Қызметкердің өзі жұмыстан босатылды", — деді ІІМ басшысы.

Жалпы, оның айтуынша, ережелер мен бұйрықтарды өрескел бұзған әрбір полиция қызметкері қатаң жазаланады.

Оқиға Алматы облысында 77 жастағы зейнеткерді пәтерден күштеп шығару кезінде болған. Процедураны қадағалау органдарының өкілдері мен сот орындаушылары жүзеге асырды.