Елордада Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 16-27 тамыз аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М.Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.