Алматы полициясы электрсамокаттарға қатысты ауқымды рейд өткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәулік ішінде самокат жүргізушілері жол қозғалысы туралы заңнаманы 800 (жыл басынан бері 16 мыңнан аса) рет бұзған:

  • Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын талаптарды сақтамаудың 489 дерегі (ҚР ӘҚбК-нің 620-бабы);
  • Жаяу жүргіншілер мен өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзуының 237 дерегі (ҚР ӘҚбК-нің 615-бабы);
  • Ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындамауының 11 дерегі (ҚР ӘҚбК-нің 127-бабы);
  • Көшені абаттандыру ережелерін бұзудың 47 дерегі (ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы);
  • Қоғамдық орындарды ластау бойынша 23 құқықбұзушылық дерегі (ҚР ӘҚбК-нің 434-2-бабы).

"Тротуарларда және жолдарда электросамокаттарды бейберекет қалдыру деректері анықталды. 259 самокат арнайы тұраққа қойылды", – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget