АҚШ президенті Дональд Трамп Мысырда өткен саммитте басқа ел басшыларымен бірге Газа секторы бойынша бейбіт келісімге қол қойды. Оның сөзінше, бұл ең қиын келіссөздер болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

CBC ақпаратына сәйкес, Дональд Трамп Газадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келісімге қол қойған. Аса маңызды құжатқа қол қою рәсімі Шарм-эш-Шейхтегі саммит кезінде өткен. Сондай-ақ арағайындық жасаған Мысыр, Катар және Түркия өкілдері де бейбіт келісімге қол қойды.

CNN хабарлауынша, Дональд Трамп саммитті басқарып отырғанына аса риза екенін білдіріп, бұл ауыр келіссөздердің жүзеге асуына үлес қосқан қызметкерлері мен көмекшілерін алғысын айтты.

"Аса қиын болады деп ойладым, мүмкін көбіне солай да болды, бірақ бізде талантты адамдар көп қой. Біз керемет таланттарды іріктеп алдық және оның көп көмегі болды, әсіресе осы үстел басындағы елдердің де", — деді Трамп.

РБК ақпаратынша, қол қою рәсімі кезінде Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың болатынын жоққа шығарды.

"Таяу Шығыста үшінші дүниежүзілік соғыс болады деп жиі айтады. Алайда соғыс болмайды. Біз оның болғанын мүлдем қаламаймыз", — деді АҚШ президенті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз