Петропавлда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Армандар эко-қабырғасы» атты шығармашылық шара өтті.
Белсенді жастар «Қазақстанды 10 жылдан кейін қалай көремін?» тақырыбында сурет салып, жазбаларын қалдырды. Еріктілердің айтуынша, бұл өскелең ұрпақ арасында тазалық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Жалпы өңірде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде апта сайын сенбіліктер мен түрлі мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылып келеді.
Айсұлу Бекімова, қалалық жастар ресурстық орталығының мүшесі:
- Бәрі өзімізден басталады. Егер әр адам табиғат анаға қамқорлық танытса, қоршаған ортамыз таза болады. Қазір жастар арасында осындай ой қалыптастыру керек. Бұл тәрбиелік мәні жағынан өте маңызды іс. Әрі ұрпақ алдындағы парыз.