Бұл оқиға 16 шілдеден бері әуеден гуманитарлық көмек түсіру кезінде тіркелген төртінші қайғылы жағдай болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Газаның орталық бөлігі Нусайрат босқындар лагері маңында әуеден тасталған гуманитарлық көмектің құлауы салдарынан 14 жастағы Мұхаммед Ид көз жұмды, бірнеше адам жарақат алды.

Денсаулық сақтау саласындағы дереккөздердің хабарлауынша, ауыр жарақат алған жасөспірім Эль-Авда ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Израильдің Газаға жасаған блокадасынан туындаған гуманитарлық дағдарыс жағдайында бірқатар елдер көмекті әуеден жеткізу әдісін қолдануда.