Оқиға 17-көше мен Пенсильвания авенюінің қиылысында болған.
АҚШ Құпия қызметінің мәліметінше, жексенбіге қараған түні белгісіз адам сөмкесінен қару алып, Ақ үйге жақын маңда оқ жаудырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.
Қауіпсіздік қызметі оған қарсы оқ атып, күдіктіні оқиға орнында көз жұмды. Атыс кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан бір адам жарақат алған.
Америкалық БАҚ деректеріне сүйенсек, күдікті 21 жастағы Насир Бест болған, ол бұған дейін де Құпия қызметпен қақтығысқан. Бұл оқиға Ақ үй корреспонденттері қауымдастығының кешкі асы кезінде болған атыстан бір ай өтпей жатып тіркеліп отыр. Ол іс-шараға сол кезде Дональд Трамп та қатысқан.
CNN тілшілері Ақ үй маңында ондаған атыс дыбысы естілгенін хабарлаған. ABC телеарнасының журналисі Селина Ван X әлеуметтік желісінде Ақ үйдің солтүстік алаңында түсірген видеосын жариялап, онда атысқа ұқсас дыбыстар естілгенін жазған.
"Біз әлеуметтік желіге видео түсіріп тұрған кезде бірнеше ондаған атыс дыбысы естілді. Бізге жедел түрде брифинг бөлмесіне бару бұйырылды", – деп жазды ол.