Заңсыз ойын бизнесін қаржыландыруға бағытталған трансшекаралық ақша аударымдары әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, анықталған сома 600 млрд теңгеден асады.

Бүгінде 20-дан астам қаржылық ұйым мен екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тергеуге алынған. Сондай-ақ төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталық анықталып, оның қызметі тоқтатылды. Қылмыстық іске Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан құралған 120-ға тарта адам қатысты деп танылған. Бұған сәйкес 70-тен астам тінту жұмысы жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағында онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.