Перуде сиам егіздерін екіге ажырату отасы сәтті аяқталды.

Айлани және Алиф есімді сәбилер 5 қазанда дүниеге келген. Олар омыртқа бөлігімен жабысып туған. Кейін 18 желтоқсанда дәрігерлер жергілікті Ұлттық балалар денсаулығы институтында күрделі ота жасады. Аурухана қызметкерлері бұл отаны үлкен жетістік деп атады. Қазір егіздер дін аман, олар нейро-хирургиялық бақылау бөліміне орналастырылды. Ал ата-анасы, ақ халаттыларға алғыс білдірді.