Аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Биыл сәуірде ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Барлығы 63 бірлік, оның ішінде 4 "Калашников" автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, "РШГ-2" реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және188 оқ-дәрі тәркіленді.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.