ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.


ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында ТЖМ-нің санавиациясы іске қосылды.

– "Өскемен-Самар-Өскемен" бағыты бойынша ұшқан Ми-8 тікұшағын Руслан Ағламбеков пен Леонид Калеканов басқарды. Ұшу барысында пациентке қажетті медициналық көмекті санавиация дәрігерлері Марат Көксегенов, Татьяна Сергеева және Рима Меңдібаева көрсетті, – делінген хабарламада.

ТЖМ экипажы мен дәрігерлердің жедел әрекеттерінің арқасында болашақ ана Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.