Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.


Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын басталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы "Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы" КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша бухгалтерінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы тәрбие мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбегені белгілі болды.

Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асып-жығылады.

Аталған факті бойынша аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.