Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлім етті.


Алаяқтардың әдістері қиындауда, бірақ негізгі схема өзгеріссіз қалады. Жәбірленушінің телефонына "1414" қысқа нөмірінен SMS-код келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар мемлекеттік орган, банкт немесе курьерлік қызметтің қызметкерлері ретінде хабарласып, телефонына жолданған кодты айтуды сұрайды.

Осыдан кейін бірден екінші адам банк, полиция немесе ҰҚК-нің жалған қауіпсіздік қызметінен хабарласып тұрғандай сыңай танытады.

Кейбір жағдайларда олар тіпті бейне байланысқа шығады.

Олдар алдында хабарласқан адамдар аляқ екенін айтып, сіз айтқан 4 таңбалы сан арқылы сіздің есебіңіздегі ақшаны алып қоюлары мүмкін екенін ескертеді.

Олар несие рәсімдеуді және қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды ұсынады.

Бұл алаяқтық топтың құрып алған схемасы, олар жәрірланушілердің ақшасын иемденіп, олардың атынан несие де алып жібереді.

Бұған дейін "1414" қысқа нөмірінен SMS-кодты алу үшін жәбірленушінің нөмірін енгізу жеткілікті болатын.

"Енді "1414" SMS-шлюзін пайдаланатын жүйелерге тек биометриялық аутентификацияны (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе QR-кодты (eGov QR) қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Желтоқсан айынан бастап аталған талаптарды енгізбеген жүйелер "1414" SMS-шлюзінен ажыратылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл шаралар азаматтарды алаяқтардан қорғауды арттыруға бағытталған.

Сақтық шаралары:

– мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе құпия сөзді сұрамайды;

– ақша аудару үшін "қауіпсіз шот" жоқ;

– қандай да бөгде адам хабарласқан кезде абай болыңыз, деректеріңізді үшінші тұлғаға бермеңіз;

– күмән туындаған жағдайда дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласыңыз;

– кибергигиена ережелерін сақтаңыз: тек ресми қосымша мен қызметтерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды тексеріңіз.