Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін кеңейтіп, елді Еуразиядағы ірі транзит хабына айналдыруға жіті мән береді.

Биыл 13 мың шақырым автожол салу және жөндеу жұмыстары қолға алынды. Стратегиялық маңызға ие жолдар қатарында Орталық — Батыс автомагистралі, Қарағанды — Жезқазған, Ақтөбе — Ұлғайсын, Атырау — Доссор учаскелері бар. Сонымен қатар Зайсан, Катон-Қарағай, Кендірліде жаңа әуежайлар құрылысы және Арқалықта әуежайды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы әуе арқылы жүк тасымалдайтын алғашқы ұлттық компанияны құру бастамасын қолдады. Бұл еліміздің көлік әлеуетін тиімді пайдаланып, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Биыл ел нарығына бірқатар жаңа авиакомпания кіріп, 35-тен астам жаңа рейс ашылды.