Бүгін үкіметтің кезекті отысырында биылғы жылы заңнамалық жобалардың орындалуы қорытындыланды.
Сонымен қатар Италияда өтетін 25-қысқы олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының дайындығы пысықталды.
Биылғы заңнамалық жобалар жоспары толық орындалды
Бақыт Топтаева, тілші:
- Үкіметтің Биылға межеленген заңнамалық жобалар жоспары толық орындалды. әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, әлеуметтік маңызды бастамаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Парламент 5 заң қабылдап, Президентке қол қоюға жолдаған. Олардың қатарында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ банктер мен банк қызметі туралы құжаттар бар. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша түзетулер, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті қоса алғанда, 3 заңға қол қойды. Мәжілістің қарауында 14 заң жобасы жатыр.
2026 жылы Үкімет заң шығару жұмысының экономика мен әлеуметтік салаларының негізгі бағыттарына баса мән бермек. Оның бірі – мемлекеттік мүлікті басқаруды одан әрі жетілдіру, деді премьер-министр.
Олжас Бектенов, Қазақстан Республикасының премьер-министрі:
«Мемлекеттің экономикаға қатысу шегін нақты айқындап, басқару ісіне қатысты құқықтық талаптарды бекітіп алу қажет. Біз жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бағытында белсенді жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың жүйелі әрі кешенді тәсілін қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалар бар. Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген».
Үкіметте қысқы Олимпиадаға дайындық пысықталды
Үкімет отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселе – Италияда өтетін қысқы олимпиадаға дайындық. Осыған қатысты туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әзірліктің барысына тоқталды.
Бақыт Топтаева, тілші:
- XXV Қысқы Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынап, 58 медальға таласады. болжам бойынша Қазақстанның атынан 35 спортшы қатысады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.
Бақыт Топтаева, тілші:
- Қазіргі уақытта Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке ресми Олимпиада лицензиялары бар. Сонымен қатар, спортшыларымыз шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды. Сонымен қолда 23 лицензия бар, деді құзырлы ведомство басшысы.
Бақыт Топтаева, Арман Ақшабаев