Астанада алты күнге созылған WorldSkills Kazakhstan 2025 байқауы өз мәресіне жетті.

Осымен оныншы рет өтіп отырған республикалық чемпионатта оза шапқандар анықталып, жүлделі сыйақылар табысталды. Аталған жарысқа қатысушылар саны да жылдан жылға артып келеді. Биыл елдің түкпір-түкпірінен 825 студент пен 719 сарапшы өз бағын сынады. Сайыс 45 құзіреттілік бойынша өтті. Олар өндірістік, инжинерлік, ақпараттық технологиялар, сервис, құрылыс және креативті индустрия. Ал бұл жолғы жарыста жүзден жүйрік шыққандар алда болатын халықаралық чемпионатқа жолдама алды.

Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ Басқарма басшысы:

- Неге жолдама алды? Өйткені олар да іріктеуден өтеді. Яғни келесі жылғы әлемдік чемптонатымыз WorldSkills Shanghai 2026 қазан айында Қытайда өтетін болады. Бізде мысалы, бір құзіреттіліктен үш адам орын алатын болса, солардың арасынан іріктеу болады. Яғни тағы да оны дәлелдеу керек дағдысын көрсете берсе, ол ертең Қазақстанның туын осы халықаралық, әлем чемпионаттарда желбіретсе, ол біздің басты күшіміз.