Ақтөбеде Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны мас күйде әуе рейсінен түсірілді. Ол экипаж талабына бағынбай, полицияға қарсылық көрсеткен. Іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе-Шымкент бағытындағы әуе кемесі командирінің актісіне сәйкес, 48 жастағы Түркістан облысының тұрғынын рейстен түсірді.

Полиция қызметкерлері тексеру кезінде ішімдіккке сылқия тойған азаматтың өзін дөрекі ұстап, экипаждың талаптарын орындамағанын, авиакомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқанын анықтады. Тіпті, полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, қасақана қарсылық танытқан. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабымен яғни, қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, — делінген ақпаратта.

Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Көліктегі ПД қызметкерлері әуе және теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатаң мән береді. Өйткені мыңдаған адамның өмірі мен қауіпсіздігі бәрінен қымбат. Жолаушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға және әуекомпания қызметкерлерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарын орындауға міндетті.