Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Парижде (Франция) өтіп жатқан ең ірі турнирлердің бірі – «Ролан Гаррос» жарысының үшінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз латвиялық Елена Остапенкомен кездесті.
Матч екі сетке созылды. Қазақстандық теннисші кездесуді 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
1/8 финалда Рыбакина польшалық Ига Швёнтекпен өзара мықтыны анықтайды.