Арыстанбекова мен Дүйсебай жұбы ширек финалда қарсыластарын сенімді жеңді.
Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай Түркияның Кайсери қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ширек финалда қазақстандық дуэт ресейлік Мирослава Медведева мен София Суслова жұбын 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Жартылай финалда олар Анна Карцева мен Дога Туркмен арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен кездеседі.