Жеңілдік ішкі рейстерден бөлек, бірқатар халықаралық рейстерге де жарамды.
Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы 8 қыркүйектен 21 қазанға дейінгі күзгі маусымда жасалатын әуе сапарларына 20 пайыздық жеңілдік жариялағанын хабарлады.
Жеңілдік Қазақстан ішіндегі барлық рейстерге және халықаралық бағыттағы келесі рейстерге қолданылады:
- Астанадан – Газипашаға, Үрімші, Кутаиси және Ташкентке;
- Алматыдан – Газипашаға, Самарқанға және Кутаисиге;
- Ақтаудан – Кутаиси және Бакуге;
- Атыраудан – Кутаисиге.
Билеттерді 5 және 6 мамыр күндері ғана сатып алуға болады.
Еске салайық, биылғы наурыздан бастап тегін алып жүруге болатын қол жүгінің салмағы 5 келіден 7 келіге дейін артты.
Оқи отырыңыз:
- Air Astana мен FlyArystan авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер берген
FlyArystan Астанадан Кутаисиге рейстер санын көбейтеді