Алматыдан алашқы рейс 26 желтоқсанда, ал Астанадан 30 желтоқсанда жасалады.

Отандық FlyArystan әуе компаниясы биылдың соңында Қазақстанның екі қаласынан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосатынын хабарлады.

Чартерлік рейстер жаңа жыл мен қысқы туристік маусымға орай ұйымдастырылады.

Чартерлік рейстер кестесі:

  • Алматы – Гоа – Алматы: 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап, сәрсенбі және жұма күндері.
  • Астана – Гоа – Астана: 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап, сейсенбі күндері.

Бұл рейстерді Солтүстік Гоа аймағында орналасқан Манохар халықаралық әуежайы қабылдайды.

"Бұл әуежай заманауи инфрақұрылымымен және танымал курорттарға ыңғайлы қолжетімділігімен ерекшеленеді, сол арқылы туристерге жайлы логистика мен қонақүйлерге тез жету мүмкіндігі ұсынады. Чартерлік бағдарламаның іске қосылуы – қазақстандықтардың қыс мезгілінде Гоаға демалуға деген тұрақты қызығушылығын және танымал туристік бағыттарға тікелей рейстерге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Турпакеттердің бағасы мен брондау мәселелері бойынша туристік агенттіктерге хабарласуға болады", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.


Оқи отырыңыз:

  • "Темірқазық": Наурыз қарсаңында FlyArystan әуе флотына жаңа ұшақ қосылады
  • FlyArystan 25 мың теңгеден басталатын халықаралық бағыттағы билеттер науқанын жариялады