Ұл балалар арасында ең танымал есім – Айсұлтан, ал қыздар арасында – Айлин есімі көш бастап тұр.
2025 жылы Қазақстанда дүниеге келген сәбилерге ең жиі қойылған есімдер анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл мәліметтерді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Есімдер тізімі 1 қаңтар мен 22 мамыр аралығында тіркелген жаңа туған сәбилердің атына негізделген.
Ұл балалар арасында ең танымал есім – Айсұлтан, ал қыздар арасында – Айлин есімі бірінші орынға шыққан.
2025 жылы ұл балаларға ең жиі қойылған 25 есім:
Айсұлтан, Мұхаммед, Омар, Алихан, Рамазан, Алдияр, Мухаммад, Амир, Алан, Хамза, Әли, Нұрислам, Альтаир, Айбар, Ислам, Алинұр, Муслим, Мансұр, Дінмұхаммед, Зейін, Ибраһим, Мирас, Хақназар, Арлан, Арсен.
Қыз балалар арасында ең көп қойылған 25 есім:
Айлин, Медина, Асылым, Айша, Мариям, Томирис, Аяла, Сафия, Раяна, Айым, Амина, Адия, Хадиша, Зере, Хадия, Ясина, Айару, Айкөркем, Айзере, Кәусар, Аиша, Ясмина, Жасмин, Фатима, Айдай.