Еліміз үшін 2025 жылы есте қаларлық жаңалық аз болмады.
Алматы облысының тұрғындары да жылдан көрген жақсылығымен бөлісті. Бірі ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктерді сөз етсе, енді бірі өңірде әлеуметтік нысанның көбейгенін айтады. Өнер мен мәдениет саласының дамығанын байқадық дейді. Спорттағы жаңалықтарға да қуанғандар көп. Әсіресе «Қайрат» командасының әлемге танымал клубтармен ойнағанын мақтана жеткізді. Облыс халқы 2026 жылдан да зор үміт күтеді. Жұртшылықтың пікіріне құлақ түріп көрелік.
БЛИЦ
Келесі жылы кәсіби тұрғыда, тұлғалық, шығармашылық тұрғыда өзімді жан-жақты дамытып, өз ісімнің маманы болуға жол ашатын жыл болады деп есептеймін. Жаңа жыл қарсаңына бірнеше минуттар қалған кезде барлығымыз жылдағы дәстүр бойынша Президентіміздің халықты құттықтауын тыңдаймыз. Бұл әрбір отбасында қалыптасқан дүние деп ойлаймын. Осы жылы да Презинентіміз жаңа жылға жаңа леппен жылды қорытындылап, келесі жылға бір жақсы лебізін жолдап, жаңа жылды бір жаңа леппен бастаймыз деп үміттенемін.
БЛИЦ
Менің ойымша жалпы мына қоғамдық орындар болсын, мына кез келген мүмкіндігі шектеулі жандар дейміз ғой, соларға арналған мүмкіндіктер көптеп пайда бола бастады. Енді жалпы қазіргі таңда әлем үшке бөлініп тұр ғой. Бұл үлкен державалар, одан кейін орта держава мен үшінші санаттағы мемлекеттер дейді ғой. Сол себепті де біздің Қазақстан орта держава болғаннан кейін біздің елмен де ақырын-ақырын бүкіл әлем санаса бастады және біздің елдің сыртқы саясаты бұл — бейбітшілік, сабырлылық, осы қалыптан танбаймыз деп ойлаймын енді.
БЛИЦ
Өткен жыл енді жаман жыл болған жоқ. Керемет жыл болды. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болды. Бастысы сол, жастар аман болсын! Әрине маңызды өте сәттер де болды, немерем дүниеге келді. Бірінші қуаныш сол. Екінші, бала үйленді, шаңырақ құрды. Сондай-сондай өте көп қуаныштар бар. Өткен жылдан да керемет жыл болады деп ойлаймын. Өйткені еліміз ауызбірлікте болса, амандықта болса, басқасы бәрі орнына келеді деп ойлаймын. Мен қарап отырамын жаңалықтарды. Өткен жылда Президентіміз барған үлкен-үлкен мемлекеттік деңгейдегі, дәрежедегі керемет күндер, жақсы күндер өтті.
Айбек Бейсебаев, Қонаев қаласының тұрғыны
Мен үшін биыл ауылды жерлерде мәдениет үйлерінің әсіресе мына Алматы облысында өзім қызмет ететін, кейбір ауылдарда мына кітапханалардың ашылуы, мына мәдениет саласының кішкене аяқтан тұрып келе жатқаны мен үшін қуаныш болды. Әсіресе бұл мына футболда "Қайрат" клубының чемпиондар лигасының топтық іріктеу кезеңіне шығып, жолдама ұтып алғаны. Әрине одан кейін Алматыға "Реал-Мадрид" командасының келуі. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі спорттағы үлкен бір жетістігі деп айтуға болады.