ТЖМ құтқарушылары БҚО-да саусағына сақина қыстырылып қалған қыз балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар 2014 жылы туған қыз бала саусағына киген сақинаны өздігінен шеше алмай, әшекей қатты қысқандықтан ауырсынған. Жағдайды байқаған анасы жедел-құтқару қызметіне жүгінді
Оқиға Бөрлі ауданы Ақсай қаласында тіркелді. Оқиға орнына облыстық жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымы шықты. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен сақинаны абайлап кесіп, баланың саусағынан шешіп алды, — деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі саусаққа тым тар сақина тағу оның қан айналымына кері әсер ететінін ескертеді.