Жыл басынан бері Орал өңірінде 634 өрт оқиғасы тіркелсе, соның 127-сінде автомобильдер жанған, деп хабарлайды 24KZ. Соған орай желтоқсанның алғашқы бескүндігінде өтіп жатқан «Газбаллон» акциясы аясында газ жабдықтарын заңсыз орнатқан көліктер анықталып жатыр.
Газбен жүретін автомобильдердің жерасты тұрақтарына қойылмауы да басты назарда. Төтеншеліктер сонымен қатар тұрмыстық баллондарды тұрғын үйде сақтауға болмайтынын және автогаз құю қосындарында толтыруға тыйым салынғанын айтады.
Нұрсұлтан Серіков, БҚО ТЖД басқарма басшысының орынбасары:
- Қазіргі уақытта тұрмыстық газ баллондарын нақты толтыратын орындар қала аумағында жоқ. Осындай олқылықтардың алдын алу бойынша барлық мүдделі органдарға хат жолданған болатын. Ол бойынша жұмыстанып жатырмыз. Қазіргі уақытта нақты шаралар шыққан жоқ.