Ақмола облысында төтеншеліктер тұрғын үйді өрттен сақтап қалды. Оқиға Бұланды ауданының Никольское ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылыс нысаны жанған. Өрт есептоптары келген кезде шаруашылық құрылыс толығымен отқа оранып, қалың түтін шығып жатқан.
Өрт сөндірушілер жалынның үйге таралуына жол бермей, 50 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ, оқиғаныңшығу себебі анықталуда.