Қызылорда қаласында балалардың спорт және шығармашылық дамуын қолдауға бағытталған «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсеткен кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаржы заңсыз иемдену дерегі анықталып, сот шешімі жарияланды.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеді. Тергеу материалдарына сәйкес, мониторингтік топтың мүшесі қызметтік өкілетін пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеру нәтижесін «оң шешіп береміз» деп ақша талап еткен.

Жиналған қаражаттың бір бөлігі коттедж бен автокөлік сатып алуға жұмсалған. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.

Нәтижесінде негізгі айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Оның сыбайласына 5 жыл шартты жаза тағайындалды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.