Оны компанияның ресми сайтынан сатып алуға болады .
Британияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчиллдің көзілдірігі 80 мың долларға бағаланып, сатылымға қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.
Атақты саясаткердің оқу көзілдірігі дөңгелек жиекті, тасбақа панцирінің материалынан жасалған. Бұл көзәйнекті Лондондағы C.W.Dixey and Sons оптика компаниясы арнайы дайындаған.
Уинстон Черчилль осы компанияның 1805 үлгісіндегі көзілдірігін киген.
БАҚ-тың жазуынша, әрбір көзілдірік бұрынғы премьер-министрдің бет пішініне келетіндей етіп, оның талаптарына сай жасалған. Көзілдіріктің сабының ұшында түрлі мақсатты білдіретін ақ нүктелер болған. Мәселен, дәл осы көзілдіріктегі бір ақ нүкте – Черчилль мұны оқу кезінде пайдаланғанын көрсетеді. Уинстон Черчилль басқа көзілдіріктерді сөз сөйлеу, сурет салу немесе жазу кезінде қолданған.
Көзілдірікті Бристоль қаласындағы Paul Fraser Collectibles компаниясы сатылымға шығарды. Оны компанияның ресми сайтынан сатып алуға болады. Бұдан бөлек арнайы қорап пен өндіруші компанияның хаты да қоса беріледі.