Салық төлеушілер тамыз айында қандай есептілікті тапсырып және қандай төлемдерді жүргізу қажет?
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
15 тамызда келесі есептілік нысандарын тапсыру мерзімі аяқталады:
• 101.03, 101.04 – Резиденттер мен резидент еместердің кірістерінен төлем көзі арқылы ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп, ІІ тоқсан үшін;
• 200.00 – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация, ІІ тоқсан үшін;
• 300.00 – Қосылған құн салығы бойынша декларация, ІІ тоқсан үшін;
• 400.00, 421.00 – Акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер мен нысандар бойынша есеп, маусым айы үшін;
• 570.00 – Экспортқа салынатын ренталық салық, ІІ тоқсан үшін;
• 590.00 – Пайдалы қазбаларды өндіру салығы, ІІ тоқсан үшін;
• 710.00 – Ойын бизнесіне салынатын салық, ІІ тоқсан үшін;
• 880.00 – Цифрлық майнингке төлем бойынша декларация, ІІ тоқсан үшін;
• 910.00 – Жартыжылдық үшін жеңілдетілген декларация;
• 913.00 – Бөлшек салықтың арнайы салық режимі бойынша декларация, ІІ тоқсан үшін.
Сонымен қатар 20 тамызға дейін 328.00 нысаны бойынша есептілікті тапсыру қажет. Бұл – шілде айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Сол сияқты 20 тамызда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шілде айындағы ҚҚС пен акциздерді, соның ішінде ЕАЭО-дан импортқа қатысты, төлеу мерзімі аяқталады.
25 тамызға дейін төлеу қажет:
• Тамыз айына арналған корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер;
• Шілде айында кірістерден төлем көзі арқылы ұсталған КТС және жеке табыс салығы (ЖТС);
• Шілде айында төленген кірістерден КТС және ЖТС;
• Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкердің шілде айындағы табысынан ЖТС;
• Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін ІІ тоқсанға арналған КТС және ЖТС;
ІІ тоқсан үшін:
• Қосылған құн салығы (ҚҚС),
• Экспортқа салынатын ренталық салық,
• Пайдалы қазбаларды өндіру салығы,
• Роялти,
• Өндіру бонусы,
• Ойын бизнесіне салынатын салық,
• Цифрлық майнинг үшін төлем;
Заңды тұлғалар үшін:
• Жер салығы,
• Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер;
• Жер учаскелерін пайдалану,
• Су ресурстарын пайдалану,
• Қоршаған ортаға теріс әсер ету,
• Радиожиілік спектрін пайдалану,
• Сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;
Шілде айына:
• Әлеуметтік салық,
• Бірыңғай төлем,
• Әлеуметтік аударымдар,
• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар мен жарналар,
• Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ),
• Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ),
• Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ).