Құрамамыз жалкомандалық есепте 37-орынға тұрақтады.
2025 жылғы Жазғы Дүниежүзілік Универсиада 16-27 шілде аралығында Германияның алты қаласында – Бохум, Дуйсбург, Эссен, Хаген, Мюльхайм-ан-дер-Рур және Берлинде өтті.
Биылғы жарысқа әлемнің 150-ден астам елінен 8500-ге жуық студент-спортшы қатысып, 18 спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Жарыс қорытындысы бойынша Жапония құрамасы 34 алтын, 21 күміс және 24 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Екінші орынды Қытай (30 алтын, 27 күміс, 17 қола), үшінші орынды АҚШ (28 алтын, 27 күміс, 29 қола) иеленді.
Қазақстан құрамасы 1 алтын және 10 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 37-орынға тұрақтады.
2025 жылғы Жазғы Универсиадада жүлде алған қазақстандық спортшылар тізімі:
Алтын:
– Самирхон Абабакиров (таеквондо, 63 кг дейін)
Қола:
– Бейбарыс Қаблан (таеквондо, +87 кг)
– Батырхан Төлеуғали (таеквондо, 80 кг дейін)
– Тамирлан Тлеулес (таеквондо, 58 кг дейін)
– Нодира Ахмедова (таеквондо, 49 кг дейін)
– Дамир Шуленов (таеквондо, 68 кг дейін)
– Ерлер құрамасы (таеквондо, кёруги)
– Әйелдер құрамасы (таеквондо, кёруги)
– Айбота Ертай (көркем гимнастика, лентамен жаттығу)
– Нұрқанат Серікбаев (дзюдо, 66 кг)
– Аман Бақытжан (дзюдо, 60 кг)
Медальдардың басым бөлігін таэквондошылар жеңіп алды. Аталған спорт түрінен Қазақстан құрамасын тәжірибелі маман Есбол Сұлтанов жаттықтырады.
Айта кетейік, Есбол Сұлтанов 2025 жылға дейін Тунис ұлттық құрамасының бас бапкері болған. Париж Олимпиадасында оның шәкірті Тунис тарихындағы таеквондодан алғашқы алтын медальді жеңіп алған болатын.