Германия Берлинде босқындарды отбасымен қауыштыру бағдарламасын ресми түрде тоқтатты.
Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Александр Добриндт хабарлады. Енді Сирия, Ауғанстан және Ирак сияқты елден босқындардың туысы Германияға кіре алмайды. Бағдарламаның тоқтауына жергілікті билікке түсетін қаржылық ауыртпалық себеп. Бұған дейін Берлинде босқын мәртебесін алғандар алыстағы ағайынын шақырып, олардың барлық шығынын өз мойнына алып келді. Шарт бастапқыда мерзімсіз болып белгіленген еді. Кейін 5 жылға дейін қысқарды. Сөйтіп мигранттардың туысын қамтамасыз ету міндеті мемлекетке өтті. Бірақ билік: «Алдағы жылдары мыңдаған мигрантты әлеуметтік қолдауға кететін шығын қалалық бюджетке үлкен салмақ салады», — деп алаңдайды. 2018 жылдан бері бағдарлама аясында Берлинге 4 мыңнан астам адам келген.