Ақсай шатқалында құрғақ шөп тұтанып, өрт шықты. Өртті сөндіруге 150 адам және "Қазәуеқұтқару" АҚ-тан су төгетін құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
От Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көктөбе саяжайлары маңында тұтанған.
"Жақын маңдағы саяжай тұрғындары алдын ала үйлерін тастап шықты. Өрттің тұрғын үйлер мен көршілес аумақтарға тарау қаупі жойылды", — деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 16:36-да оқшауланды.