Жезқазған қаласында Деев көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы хабар шұғыл қызметтерге түскеннен кейін, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.

Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.