Алматыдағы Медеу мұз айдыны алаңында болған оғаш жағдай жұртты шошытты. Әлеуметтік желіде тараған видеода АО «Қазавиақұтқаруға» тиесілі тікұшақтың әуеге зорға көтеріліп, тұрақсыз ұшқаны байқалады , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Куәгерлер мұндай ұшу сол сәтте алаңда жүрген адамдардың өміріне қауіп төндіргенін айтып, дабыл қақты.
АО «Қазавиақұтқару» бұл ұшудың жоспарлы түрде алдын ала өтінім бойынша жүзеге асқанын түсіндірді:
«Бортты тәжірибелі, үлкен ұшу сағаты бар ұшқыш басқарды. Ұшар алдында бортмеханик азаматтарға қауіпсіз қашықтықты сақтауды ескерткен».
Компания өкілдері жағдайды ауа райының күрт өзгеруімен байланыстырды. Алдын ала мәліметке сай, ұшу кезінде желдің бағыты мен күші өзгеріп, әуе кемесінің тұрақтылығына әсер еткен болуы мүмкін.
Қазір оқиғаның нақты себептері ішкі тексеріс аясында анықталып жатыр.