Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаңалықтар

Астанада Тілендиев даңғылында жөндеу жұмыстары басталады

Астанада Тілендиев даңғылында жөндеу жұмыстары басталады

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Астанада Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2-9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.