Шымкентте мектеп оқушыларына өрт қауіпті кезеңі мен шомылу маусымы алдында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді, деп хабарлайды 24KZ. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт сөндіру техникалары мен арнайы жабдықтарын таныстырып, ерекше форматта шеберлік сағатын өткізді.
Шұғыл әрекеттерді практикалық тұрғыдан шыңдауға жағдай жасап, тәжірибе бөлісті. Алғашқы медициналық көмек түрлері үйретілді. Балалардың дағдылары сыналған сұрақ-жауап айдарында өзара жеңімпаздар анықталып, сый-сияпат жасалды.
Нұрболат Педен, қалалық ТЖД басқарма бастығы:
- Жас баланың сана-сезімі майыспаған жас шыбықтай. Сондықтан жастайынан біз оның санасына құя білсек, ол балада біртіндеп қалыптаса береді. Сондықтан біз оны айтып түсіндіруден жалықпаймыз және осындай жұмыстарды ұдайы жүргіземіз.