Бұл ақпаратты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниясы растады.

Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында 1966 жылы туған ер адам кенеттен қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде куәгер болған жолаушылардың бірі жазды. Оның сөзінше, ер адамның қан қысымы көтеріліп құлаған. Қайғылы жағдай 27 сәуірде болған.

Компанияның мәліметінше, 1966 жылы туған жолаушының жағдайы аяқ астынан нашарлаған.

– Сапарға шыққан жолаушының жағдайы жол үстінде күрт нашарлаған. Пойыз бастығы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда келген дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын анықтаған, – деп хабарлады ҚТЖ.