Мұндағы мақсат – малды қайта сатумен ғана айналысатын делдалдарды жою.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәжіліс депутаттарының сауалына орай, Қазақстанда желтоқсанның басынан бастап жыл соңына дейін дейін ірі қара мал етін әкетуге сандық шектеулер неліктен енгізілгенін түсіндірді.
Бұл шектеу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, ішкі нарықта етке тапшылықты болдырмау, сондай-ақ сиыр етіне бағаны тұрақтандыру мақсатында енгізілген.
"Бұл тәсіл ұсақ мал сою цехтарының малды көрші елдерге қайта сату мүмкіндігін болдырмайды. Әйтпесе, мал сатып алған компаниялар оны бордақыламастан, етті Өзбекстанға экспорттап отырды. Ал бұл ел ішіндегі сиыр еті бағасының өсуіне әкелді. Квотаны енгізу мал өсірумен және бордақылаумен айналыспайтын, тек жануарларды қайта сататын экспорттаушы делдалдарды жоюға бағытталған. Олардың қызметі сиыр етінің негізсіз қымбаттауына әкеледі және саланың дамуына ықпал етпейді", – деді Айдарбек Сапаров.
Министрдің сөзінше, жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сандық шектеулерді (квоталарды) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлуді, квоталардың мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайды.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда мал шаруашылығын субсидиялау бойынша қарызды өтеуге 30 млрд теңге бөлінді
Қазақстанда ауыл шаруашылығы мамандарының тапшылығы қалай шешіліп жатыр