Енді дәрігерге күш көрсеткен азаматтар екі жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін Сенат депутаттары медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қол сұғу фактілеріне жазаны күшейтуге қатысты Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

2019 жылдан бері дәрігерлерге, әсіресе жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау фактілерінің саны 300-ге жуықтаған. Оның 70-і биыл орын алған. Осыны ескере келе, депутаттар АҚШ пен Ұлыбритания тәжірибесіне сүйене отырып, ақ халаттыларға қарсы күш көрсету жауапкершілігін арттырып, жаза түрін қатаңдатуды ұсынып отыр.