Қазақстандықтар жаңа Geely Galaxy көлігін небәрі 85 000 теңгеден басталатын ай сайынғы төлеммен сатып ала алады. Қалада жайлы жүруге арналған CityRay кроссовері мен жоғары талғамға сай, премиум класты Preface седаны "Галактикалық тиімділік" акциясы аясында қазақстандық жүргізушілер үшін одан да қолжетімді болады, деп хабарлайды NUR.KZ.

Тиімді сауда-саттық

Geely Galaxy автомобиль бренді мен Allur компаниясы технология, жайлылық және ыңғайлы төлем шарттарын біріктіретін арнайы ұсынысты іске қосты.

Ұсыныс 17 желтоқсанда бастау алды, ол Қазақстанның алты қаласында: Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай мен Шымкентте қолжетімді. Сатып алушылар Eurasian Bank-те ай сайынғы төлем сомасы 85 646 теңгеден басталатын несиеге өтініш бере алады.

Сондай-ақ үш жылға дейінгі бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін сатып алу процесінің барлығын түрлі банктің ұсыныстарын біріктіретін және бір терезе арқылы автокөлік қаржыландыруын ұсынатын Allur Finance арқылы жүргізуге болады. Бұл автокөлік сатып алуды жеңілдетіп, процесті ашық етеді және банкке бару сияқты артық әрекетті қажет етпейді.

Geely Galaxy CityRay 55 646 теңгеден басталады

Фото: Allur

Geely Galaxy CityRay белсенді, мегаполистегі өмір салтына арналған C-класындағы қалалық кроссовер ретінде ұсынылады. Ықшам және технологиялық тұрғыдан дамытылған автокөлік ерекше дизайн, кең интерьер және жүргізушіге көмек көрсететін интеллектуалды жүйелермен жабдықталған.

Ойластырылған эргономика және ыңғайлылық әр сапарды жанға жайлы етеді, ал отынды үнемдеу артық шығынның алдын алуға мүмкіндік береді. CityRay қысқа қалалық маршруттарда да, қаладан тыс сапарларда да ыңғайлы, бұл көлік – қала тұрғындары үшін әмбебап шешім.

Geely Galaxy
Фото: Allur

Бұл кроссовер 7 сатылық, қос ілінісу беріліс қорабымен жабдықталған және кез келген жағдайда жүргізуді жеңілдететін электронды жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің толық жиынтығын ұсынады. Бағасы 10 990 000 теңгеден басталады, ал CityRay-дегі ай сайынғы несие төлемі 85 646 теңгені құрайды, осылайша бұл Қазақстанның заманауи автомобиль нарығындағы ең қолжетімді ұсыныстардың бірі болып отыр.

Geely Galaxy Preface 92 660 теңгеден бастап

Geely Galaxy
Фото: Allur

Премиум жайлылық пен мәртебе іздегендер үшін Geely Galaxy Preface бизнес-седанын ұсынады. Preface Volvo компаниясының CMA платформасында жасалған және бұл автокөлікте сәнді дизайн мен заманауи цифрлық технологиялар үйлестірілген.

Жоғары сапада әрленген, ойластырылған эргономика, заманауи цифрлық жүйелер және интеллектуалды көмекшілер, сондай-ақ жоғары деңгейдегі қауіпсіздік – Preface-тің ыңғайлы және технологиялық тұрғыдан озық шешім екенінің дәлелі. 7 сатылық қос іліністі автоматты беріліс қорабы бірқалыпты және сенімді жүргізуді қамтамасыз етеді.

Geely Galaxy
Фото: Allur

Седан жайлылық пен жоғары мәртебені бағалайтын жүргізушілер үшін өте қолайлы. Бұл модельдің бастапқы бағасы 11 890 000 теңге, ай сайынғы төлем «Галактикалық тиімділік» бағдарламасы бойынша 92 660 теңге.

Автокөлігіңізді артық шығынсыз жаңалап алыңыз

Осылайша бұл акция қазақстандықтарға отбасылық бюджетке артық салмақ түсірмей, аса көп шығындалмай көліктерін жаңартуға мүмкіндік береді. Ыңғайлы рәсімдеу, ай сайынғы қолжетімді төлем және заманауи технологиялар көптеген жүргізуші үшін ыңғайлы шарт болып саналады.

Бағдарлама және сатып алу шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін Geely Galaxy компаниясының ресми дилерлеріне хабарласыңыз немесе 6688 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз