Қостанай қаласы тұрғындары шыршалардың шамын жағу рәсіміне шақырылады. Қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленовтің айтуынша, 18 желтоқсан күні сағат 20:00-де қаланың әртүрлі бөліктерінде шыршалардың шамы бір мезетте жағылады, деп жазады Egemen.kz.


«Тұрғындардың өтініші бойынша іс-шараның уақытын өзгерттік. Жұмыстан кейін тұрғындар балаларымен бірге келіп, мерекелік кешке қатыса алуы үшін осылай шештік», деді М.Шүленов.

Биыл қалада жаңа жылдық шыршалар 5 локацияда орнатылады:

11 метрлік шыршалар – Жастар бульварында, «Керуен» паркінде және Құнай шағынауданында;

22 метрлік шырша – Юбилейный шағынауданындағы «Жастар сарайы» алдында;

23 метрлік басты шырша – облыс әкімдігі алаңында орнатылады.

Орталық алаңдағы басты шырша биыл заманауи дизайнмен безендіріледі, оған қосымша қаражат тартылған.