Газа секторында суықтан 14 адам көз жұмды. Дейр әл-Балахта қолдан тіккен шатырларда тұрып жатқан босқындар жаңбыр аралас дауылмен арпалысып әлек.

Сарапшылардың айтуынша, аймақта желтоқсан айында ауаның орташа температурасы 10-20 градус шамасында сақталады. Ал қаңтарда тағы екі градусқа төмендейді. Мамандар осы қыста адам шығыны көп болуы мүмкін деп болжайды.