Судьялар жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқытылып жатыр.

Бұл олардың кәсіби даярлығын арттыруға, халықаралық сот тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде елордада өткен Түркі мемлекеттерінің судьяларды даярлау жүйесі аясындағы халықаралық форумында талқыланды. Жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан делегациялары, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік органдары мен сот жүйесінің өкілдері, депутаттар және халықаралық сарапшылар қатысты. Форумда Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Түркі мемлекеттері арасындағы тұрақты тәжірибе алмасу мен білім стандарттарын үйлестіру сот жүйесіне деген сенімді нығайта түсетінін атап өтті. Шара Жоғары Сот Кеңесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Ержан Егембердиев, ҚР Жоғарғы сот кеңесінің жанындағы сот төрелігі академиясының ғылыми білім беру орталығының директорыe

- Форумның негізгі тақырыбы адам құқықтары жөнінде. Яғни адам құқықтары адам құқықтары дәстүрлі түрде 10 желтоқсан күніне байланысты өткізіледі. Және біз оны біз оны әр түрлі ғылыми тұрғыда, теориялық, практикалық тұрғыда талқылап, сұрақтарды қарастырып егжей-тегжейлі пікірлермен бөлісеміз.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Оның ішіндегі ең бір күрделі, маңызды мәселенің бірі ол сот жүйесіндегі судьялардың мәртебесі құқықтары және олардың жауапкершіліктері ең негізгісі біліктілігі әділдігіне қатысты. Осы бағытта Жоғарғы сот кеңесі көп өзгерістер енгізіп, қазіргі мынау соттарды іріктеу саласындағы үлкен талаптарды күшейтіп жатыр.