Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 508,30 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 508,30 теңгені құрап, 3,69 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банктің ресми бағамы – 504,49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 511,03 теңгеден сатып алынады, 513,12 теңгеден сатылады. Еуро 592,07 – 597,78 теңге, ал рубль 6,50 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,66 теңгеден сатып алынады, 74,47 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 508,83 теңгеден сатып алынады, 515,83 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу — 588,68 теңге, сату — 598,68 теңге;

– рубль: сатып алу — 6,44 теңге, сату — 6,60 теңге.

– юань: сатып алу — 72,45 теңге, сату — 76,74 теңге.