Күрес түрлерінен республикалық қоғамдық бірлестіктің жылдық қорытынды конференциясының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.


Qazsporttv мәліметінше, жиын қатысушыларының шешімімен Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып Еркін Оқасов сайланды.

Еске салайық, осы уақытқа дейін аталған қызметті Дәулет Тұрлыханов атқарған.